Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырхан келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Оңтүстік Корея өкілі Инго Киммен жұдырықтасқан болатын.
Жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті 5:0 есебімен отандасымызға берді.
Осылайша, Махмұд Сабырхан өзі қатысып отырған алғашқы әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады.