Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен бокстан әлем чемпионатында медальдар саны жөнінен Қазақстан құрамасы екінші орынды еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, әлем чемпионатында ел құрамасы бес медаль олжалады. Олардың арасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) - алтын, Махмуд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) - күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) - қола медаль алды.
Қазақстаннан кейінгі орынға 2 алтын, 2 күміс алған АҚШ құрамасы ие болды. Үшінші орындағы Кубаның еншісінде - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола.
Жалпы командалық есеп төмендегіше:
1. Куба 3-1-2
2. Қазақстан 2-2-1
3 . АҚШ 2-2-0
4. Жапония 2-0-0
5. Ресей 1-2-2
6. Әзербайжан 1-0-2
6. Франция 1-0-2
8. Италия 1-0-1
9. Украина 1-0-0
10. Таиланд 0-1-2
11. Армения 0-1-1
11. Беларусь 0-1-1
11. Өзбекстан 0-1-1
14. Бразилия 0-1-0
14. Түркия 0-1-0
16. Грузия 0-0-2
17. Албания 0-0-1
17. Бельгия 0-0-1
17. Доминикан Республикасы 0-0-1
17.Үндістан 0-0-1
17. Иран 0-0-1
17. Испания 0-0-1
17. Сербия 0-0-1
17. Тринидад және Тобаго 0-0-1
17. Шотландия 0-0-1
Еске салсақ, әлем чемпионатына Қазақстаннан 13 боксшы барды. Олардың арасынан ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.