Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті жарыс күні басталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
57 келіде сынға түскен қазақстандық Серік Теміржанов 1/8 айналымда үндістандық Рохит Мормен кездескен болатын.
Жекпе-жек барысында Серік өзін өте сенімді ұстап, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша, ол ширек финалға өткен боксшылар қатарын толықтырды.
Еске салсақ, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шықты.