02 қар, 2021 сағат 19:20

Бокстан ӘЧ: Теміртас Жүсіпов жартылай финалға жолдама алды


Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер басталды. Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

48 келіде бақ сынаған Теміртас ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедовті ұтты.

Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Осылайшы отандасымыз әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Боксшының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. 

Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Олардың қатарында Теміртас Жүсіповтен басқа Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.