Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Белградта 57 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының финалы аяқталды.
Осы салмақта жұдырықтасқан отандасымыз Серік Теміржанов финалда АҚШ өкілі Джамал Харвимен жолыққан еді.
Өкінішке қарай, финалдық кездесу Харвидің еншісіне шешіліп, Серік Теміржанов күміс медальді қанағат тұтты.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатын 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.