30 қаз, 2021 сағат 00:05

Бокстан ӘЧ: Саматәлі Төлтаев тайландтық қарсыласынан басым түсті


Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Саматәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі таиландтық Хунатип Пиндучпен кездескен болатын. 

Аса тартысты өткен жекпе-жектің алғашқы раундында Төлтаев басым түсті. Екінші раундта таиландтық боксшы есе қайтарса, үшінші раундта Саматәлі жеңісті жұлып алды. 

Осылайша, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Айта кетелік, бүгін күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жеткен еді.