Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
51 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол ширек финалда колумбиялық Юбергуен Мартинезді ұтты.
Айта кетерлігі, бұл - Қазақстан құрамасы боксшыларының төртінші жартылай финалдық жолдамасы. Әлем чемпионатының күндізгі сессиясында Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан және Абылайхан Жүсіпов келесі кезеңге өткен болатын.