Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан ширек финалдық жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Майкл Тринидадпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалға жолдама алған болатын.