©instagram.com/boxingkazakhstan/
Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Стамбулдағы әлем чемпионатындағы жетістіктеріне байланысты сыйақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркиядағы турнирде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды: күміс (Алуа Балқыбекова - 48 келіге дейін) және төрт қола жүлде (Жайна Шекербекова - 52 келіге дейін, Дина Жоламан - 54 келіге дейін, Карина Ибрагимова - 57 келіге дейін және Валентина Хальзова - 70 келіге дейін).