27 қаз, 2021 сағат 20:53

Бокстан ӘЧ: Қазақстандық спортшы жеңіліп қалды


Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадомен шеберлік байқасты. 

Жекпе-жек барысында бразилиялық боксшы лайықты қарсылық көрсетті. Алғашқы екі раундта ол басымдық танытты. Жалпы нәтиже бойынша Бек Нұрмағамбет қаосыласына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. 

1998 жылы Түркістан облысында дүниеге келген Б.Нұрмағамбет бұған дейін жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. 

Әлем чемпионатына 13 боксшы келді.

Олардың арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Сондай-ақ, бүгін Асланбек Шымбергенов (71 келі) ирандық қарсыласынан басым түсті. 

Енді алдағы күндерде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ел намысын қорғайды. 

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.