03 қар, 2021 сағат 11:04

Бокстан ӘЧ: Қазақстан Санатәлі Төлтаевтың даулы жеңілісінен кейін апелляцияға берді


Қазақстан құрамасы 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаевтың шотландиялық Риза Линчке қарсы ширек финалдағы жекпе-жегінде төрешілердің шешіміне шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық команда осы жекпе-жектің нәтижесін аппеляцияға берді. Бұл туралы Instagram-да бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев жазды. 

Еске сала кетейік, Төлтаев пен Линчтің 1/4 финалдағы 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі айқасында шотландиялық боксшы жеңіске жетті (3:2), бірақ бұл шешім дау тудырған болатын.

ӘЧ-2021 ширек финалына шыққан он қазақстандық боксшының тек бесеуі жартылай финалға жолдама алды, олар: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (67 кг).