Жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Шакур Стивенсон 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында отандасы Роско Хилл мен қазақстандық Сәкен Бибосыновтың шешуші жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Бибосынов Қазақстанға 2021 жылғы әлем чемпионатының екінші "алтынын" әкелді.
Алайда Стивенсон бұған келіспейді және Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады.
"Мен Роско Хилл екінші және үшінші раундтарда жеңді деп ойладым. Бірақ төрешілер басқаларды соқыр деп ойлады-ау. Ол шынымен, жақсы жекпе-жек көрсетті, мен оны екінші және үшінші раундтарда жеңді деп ойладым. Бірінші раундтағы 10:8 дген есеп сұмдық - AIBA-да әлі де жемқорлық бар!" - деп жазды Стивенсон Twitter-де.