18 мам, 2022 сағат 23:15

Боксшы Дина Жоламан әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтты


Қазақстандық Дина Жоламан Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дина Жоламан 54 келіге дейінгі салмақта румыниялық Лакрамиоара Перишочпен жұдырықтасты. 

2016 жылы Астанада өткен дүниежүзілік біріншілікте чемпион атанған Дина бұл чемпионатта да барын салды. 

Әйтсе де жартылай финалда румыниялық боксшының бағы жанды. Төрешілер шешімімен (4:1) жеңіс Л.Перишочқа берілді.

Осылайша, Қазақстаннан Алуа Балқыбекова ғана финалға өтті. Қалған төрт боксшымызға қола жүлде бұйырды.