Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
67 келіде бақ сынайтын Абылайхан бұл жолы поляк Дамман Дуркачпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек отандасымыздың басымдығымен өтіп, нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңісін мақұлдады. Есеп: 5-0.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін венесуэлалық Кристиан Паласио және Тайбэйден келген Ю Линьді жеңген болатын.