Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталды.
67 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз Абылайхан Жүсіпов осы бәсекедегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Дүниежүзілік біріншіліктің бірінші айналымында ол Тайбэй спортшысы Ю Линнен басым түсті.
Жекпе-жек төрешілер шешімімен 5:0 есебімен аяқталып, Жүсіпов келесі кезеңге өтті.
Абылайханның ендігі қарсыласы Венесуэла спортшысы Кристиан Томас болады.
Айта кетейік, бұл салмақ бойынша 1/16 финалы 28 қазанға жоспарланған.