14 нау, 2022 сағат 14:30

Бокс: Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды


Иордания астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында өткен жарыс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшылар ұлдар мен қыздар арасында 6 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль алды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Ел құрамасынан алтын медальға ұлдардан Айдар Қадырхан (52 келі), Төрехан Сабырхан (57 келі), Ахмет Үсен (63 келі) және Санжар-Әли Бегалиев (66 келі) қыздардан Аружан Жаңабаева (66 келі) және Құралай Егінбайқызы (80 келі) чемпиондық тұғырға  көтерілді.

Өзбекстан боксшылары 11 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте көш бастады. Ал екінші орынға тұрақтаған Үндістан жастары 8 алтын, 7 күміс және 10 қола медаль алды. 

Айта кетсек, бүгін, 14 наурызда құрлықтық додада жастар арасында финалдық жекпе-жектер өткізіледі. Ел құрамасынан барлығы 14 боксшы сынға түседі.