Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық ширек финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрқанат Райыс 1/8 финалда ауғанстандық Сүлейман Асланиді ірі есеппен жеңді.
Ауғанстандық боксшы жекпе-жек барысында айтарлықтай қарсылық көрсете алған жоқ.
Осылайша, Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіповтің ізін ала, Нұрқанат та әлемдік доданың келесі кезеңіне өтіп отыр.