Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай «Страндж кубогының» жартылай финалына шықты. Турнир осы күндері Болгарияның астанасы Софияда өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ширек финалда Қызайбай испаниялық спортшы Лаура Фуертес Фернандеспен 50 килограмға дейінгі салмақ санатында жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстандық 2014 және 2016 жылдары Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда екі дүркін әлем чемпионы атанған.
Атап өту керек, бүгін рингке тағы үш қазақстандық шығады: Балауса Муздиман (54 килограмға дейінгі салмақ санатында), Дина Жоламан (54 килограмға дейінгі салмақ санатында) мен Карина Ибрагимова (57 килограмға дейінгі салмақ санатында).