Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалда айқасты. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Төлемісов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 жж.) өзбекстандық Мизроб Некбоевпен жекпе-жекке шықты. Өкінішке орай, төрешілердің шешімімен өзбекстандық боксшы жеңімпаз атанды. Осылайша, Дәулет Төлемісов турнирді қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан жасөспірімдердің жартылай финалында Өзбекстаннан қатарынан үш айқаста жеңіліс тапты. Бұған дейін қазақстандық боксшылар екі ретсүрінген болатын: Илья Калинин (50 кг) Ходжиакбар Махмудовке, ал Мадияр Тайпақов (60 кг) Джавохир Умматалиевке есе жіберді.