Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
51 келіде сынға түскен Бибосынов 1/8 айналымда үндістандық Дипакпен кездескен болатын. Отандасымыз тартысты жекпе-жекте 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, бірінші кездесуде Сәкен белгілі өзбекстандық боксшы Хасанбай Досматовты жеңген еді.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Морды жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.
Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді.
Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) ауғанстандық Сулиман Асламиді тізе бүктірді.