Қазақстандық Алуа Балқыбекова Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Балқыбекова 11 қараша күні өтетін финалда 48 келіге дейінгі салмақта жапониялық Като Хикарумен жұдырықтасуы керек еді.
Соңғы мәліметке қарағанда, жапониялық спортшы жартылай финалда сол қолынан жарақат алған. Сол себепті рингке шықпайтын болды.
Осылайша, отандасымызға алтын медаль финалдық жекпе-жексіз бұйырды.