Фото: Ортком
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ult.kz тілшісіне биылғы жаңажылдық безендіруге қанша қаражат бөлінгенін айтып берді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Мен 2023 жылдан бастап шырша сатып алуды тоқтатып қойдым. Бізде кезінде сатып алынған маған дейінгі (Нариман Төреғалиев әкім болып келгенге дейінгі, ред) шырша бар. Сол шыршаны әлі пайдаланып келе жатырмыз", - деді әкім.
Облыста шыршалар жаңа жыл біткенде жинап алынып, келесі жылғы жаңа жыл мерекесіне сақтап қойылады екен.
"Жыл сайын пайдаланамыз. Оны қайтадан жинап аламыз, содан кейін салып қоямыз да, клесі жылы қайтып соны шығарып, пайдаланып жүрміз", - деді Нариман Төреғалиев.
БҚО әкімінің айтуынша, биылғы жылғы жаңа жыл мерекесін атап өтуге қала әкімдігі 11 миллион теңге көлемінде қаражат жоспарлап отыр.
"Енді жалпы мерекеге қатысты әрине қаржы шығарылады. Біз қала әкімдігі 11 млн. теңге биылғы жылға жоспарлап отырмыз. Жаңа жылдық безендіру, қалған іс шаралар бар, балалардың іс шаралары бар, соған жұмсалатын барлық қаражат он бір-ақ миллион", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшіміздің кезекті сұрағына.
