видео кадры
Батыс Қазақстан облысының полициясы Орал перзентханасындағы жаңа туған сәбидің "өліміне" қатысты істі тергей бастады. Алайда іс жүзінде нәресте АҚШ-қа сатылған болып шықты, - деп хабарлайды "Уральская неделя».
Басылымның мәліметінше, 2000 жылы Ақжайық ауданының 27 жастағы тұрғыны Оралдағы №3 перзентханаға кесарь тілігі арқылы ота жасатуға жеткізілген. Анестезиядан кейін әйел қызы қайтыс болғанын естіген. Ата-анасына нәрестенің денесі берілген, осылайша олар оны туған ауылына жерлеген.
2024 жылы қарашада БҚО тұрғынына белгісіз нөмірден қоңырау шалған, оған қызы тірі екені, Америкада тұратыны айтылған. Алғашында әйел бұған сенбеген, бірақ көп ұзамай баласының даусын естіпті. Бірнеше ай бойы олардың кездесуіне дайындық жүргізілген: виза рәсімдеу, құжаттарды жинау.
Қыз АҚШ-та өскен, магистратураны бітірген, қазір психолог болып жұмыс істейді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түпкілікті шешім қабылданады", - деді БҚО ПД өкілі.
