24 қыр, 2024 сағат 12:42

БҚО-да жер 100 есе арзанға сатылып кеткен

Фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында заңсыз берілген жер телімдерін анықтады. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.

"Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген", - делінген хабарда.


Учаскені жеке меншікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңге болған.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармақ) жүргізді.

Қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді.

"2024 жылдың 16 қыркүйегінде сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды", - делінген хабарда.