06 қыр, 2024 сағат 13:07

БҚО-да прокурор дау туғызған видеосынан кейін жұмысынан кетті

Фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады "Уральская неделя".

Тамыз айының басында әлеуметтік желілерде табиғат қорғау прокурорына ұқсайтын ер адамның көшеде мас күйде тұрғандай видеосы тараған. Қадағалау органында қызметтік тексеріс жүргізілді.

"Фото мен бейнежазбаның нақты түсірілген күнін объективті себептерге байланысты анықтау мүмкін болмады. Сонымен бірге, қоғамда үлкен резонанс туындап, әлеуметтік желі қолданушылары мен ақпараттық интернет-ресурстар оқырмандары арасында көптеген пікірталастар болды. Қызметтік тексерістің нәтижелері және облыс прокуратурасының тәртіптік комиссиясының ұсынысы бойынша Бисқалиев А.М. толық қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын жоғары талаптарды түсіне отырып, Бисқалиев А.М. басшылыққа қызметінен босату туралы рапортпен жүгінді", - деп хабарлады прокуратура.


Сонымен қатар 20 тамызда ол Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылғаны хабарланды.

Еске сала кетейік бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның, болжам бойынша, Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры екені және оның күндізгі уақытта Орал қаласының көшелерінде мас күйде жүргендей көрсетілген видео тараған болатын. Бұл кадрлар қоғамда үлкен резонанс туғызды. Артынша облыс прокуратурасы тергеу бастағанын мәлімдеді.