29 сәу, 2024 сағат 16:40

Су тасқынына қарсы күрес: Кәсіпкер Мухамед Ізбастин 450 млн теңге бөлді

Фото: primeminister.kz


Бизнес әлеуметтік жауапкершілік танытуда: Кәсіпкер және меценат Мухамед Ізбастин су тасқынына қарсы күреске 450 млн теңге бөлді, деп хабарлайды "Ұлт ақапарат" Dauletten telegram арнасына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынын "соңғы сегіз онжылдықтағы ауқымы мен салдары бойынша ең елеулі апат" деп сипаттады. Өз сөзінде ол бизнес өкілдерін апат салдарын жоюға белсенді қатысуға шақырды.

Бизнес өкілдерінің жауабы көп күттірген жоқ. 2024 жылдың сәуір айының соңындағы жағдай бойынша ірі бизнес су тасқыны салдарын жоюға 160 миллиард теңгеден астам көмек көрсетілді. Олардың ішінде жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген Кәсіпкер және меценат Мухамед Ізбастин бар.

"Су тасқыны салдарынан Қазақстан аумағының едәуір бөлігі зардап шекті. Мен су тасқыны салдарымен күресуге 450 миллион теңге көлемінде қаражат бөлдім. Иә, қазір үлкен су шегініп жатыр, бірақ проблемалар әлі де бар және оларды бірлесіп және жедел шешу керек. Әрбір ірі бизнесменнің бірлескен күш - жігерімен біз бұл сынақты жедел жеңе алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті Ізбастин.