28 қар, 2017 сағат 07:58

Біз – жердеміз, нұр енді ол ғарыштағы...

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды. Осылайша, ғасыр жасаған қазақ әдебиетінің қара нары келмеске аттанды. Осы ретте, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулеттің Мұзафар Әлімбаев ағамыздың 90-жасқа толған мерейтойына арнап шығарған өлеңі мен павлодарлық ақын Арман Қанидің жоқтаунамасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

***

Мұз-аға деген - ыстық ат,
Музаның шоғы қоздаған.
Жырында жатқан күш-қуат,
Жүректің қылын қозғаған.
Мұзда да жылу боларын
Жан сырын оқып сезді адам.
Мақалы бар ма жазбаған,
Мәтелі бар ма қазбаған?
Бүгінге бүтін жеткізген
Бабадан қалған сөзді аман.
Баланың тілі – балдырған,
Бала боп кете жаздаған.
Жаңылтпашы мен жұмбағын,
Жаңыла жаттап мәз балам.
Маралды деген маздақ ән,
Махаббат мұңы маздаған.
Ертісте өткен Естайдай 
Есесі кеткен аз ба адам?
Тектілер тіккен қамқа тон,
Тоқсан жыл кисе тозбаған.
Жамбылмен жарыс, Мұз-аға,
Арғысын мен де қозғаман!

Ұлықбек Есдәулет

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері 


Мұзағаммен қоштасу 

Ұстаз еді баулыған өнерге елді, 
Жаңбырынан жас өркен кенелген-ді. 
Желе жортып жыраққа кеткен кие 
Қайта айналып Ертіске келер ме енді?.. 

Ақындар көп биікке барам деген, 
Ол – құзартта, 
Біздерге қалар белең... 
Мұзағамды аңсаумен сыңсиды әлі 
Маралды көл, Маралды ән, Маралды өлең! 

Тоқсан төрт жыл ел-жұртын аралап кеп, 
Ол тоқтады «Осыған қанағат» – деп. 
Сонсын, жүген, ноктаны төріне ілді, 
«Жыр пырағым – қазаққа аманат!» – деп. 

Желге ұрынып сарыала жапырағым, 
Жүрегімді жұлмалап жатыр ағын! 
Келіп тұрмын Кеңсайға 
Маралдының 
Түйіп алып бір уыс топырағын... 

Біз – пендеміз, ол рух боп алыстады, 
Біз – жердеміз, нұр енді ол ғарыштағы. 
Кеңсайда осы 
Келгенше Ақырзаман 
Аманат боп қалсыншы абыз тәні!.. 

Арман ҚАНИ, 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. 

 

Ұстаз  еді  баулыған  өнерге елді,

Жаңбырынан   жас өркен   кенелген-ді.

Желе жортып жыраққа кеткен кие

Қайта айналып Ертіске келер ме енді?..

 

Ақындар көп биікке барам  деген,

Ол  –  құзартта,

Біздерге  қалар белең...

Мұзағамды аңсаумен сыңсиды әлі

Маралды көл, Маралды ән,  Маралды өлең!

 

Тоқсан төрт жыл ел-жұртын аралап кеп,

Ол тоқтады «Осыған қанағат» –   деп.

Сонсын, жүген, ноктаны төріне ілді,

«Жыр пырағым  –  қазаққа аманат!»  –  деп.

 

Желге ұрынып  сарыала жапырағым,

Жүрегімді жұлмалап жатыр ағын!

Келіп тұрмын Кеңсайға

Маралдының

Түйіп алып   бір уыс топырағын...

 

Біз  пендеміз, ол рух боп алыстады,

Біз  –  жердеміз, нұр енді  ол ғарыштағы.

Кеңсайда осы

Келгенше Ақырзаман

Аманат боп қалсыншы абыз тәні!..

 

Арман ҚАНИ,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

Павлодар қаласы.

 

 

 

 

 Мұзағаммен қоштасу 


Ұстаз еді баулыған өнерге елді, 
Жаңбырынан жас өркен кенелген-ді. 
Желе жортып жыраққа кеткен кие 
Қайта айналып Ертіске келер ме енді?.. 

Ақындар көп биікке барам деген, 
Ол – құзартта, 
Біздерге қалар белең... 
Мұзағамды аңсаумен сыңсиды әлі 
Маралды көл, Маралды ән, Маралды өлең! 

Тоқсан төрт жыл ел-жұртын аралап кеп, 
Ол тоқтады «Осыған қанағат» – деп. 
Сонсын, жүген, ноктаны төріне ілді, 
«Жыр пырағым – қазаққа аманат!» – деп. 

Желге ұрынып сарыала жапырағым, 
Жүрегімді жұлмалап жатыр ағын! 
Келіп тұрмын Кеңсайға 
Маралдының 
Түйіп алып бір уыс топырағын... 

Біз – пендеміз, ол рух боп алыстады, 
Біз – жердеміз, нұр енді ол ғарыштағы. 
Кеңсайда осы 
Келгенше Ақырзаман 
Аманат боп қалсыншы абыз тәні!.. 

Арман ҚАНИ, 
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. 
Павлодар қаласы.