Фото: gov.kz
1 қыркүйектен бастап бакалаврлардың стипендиясы 52 372 теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар вице-министрдің айтуынша педагогикалық мамандықтар үшін - 84000 теңге, магистранттар үшін 117 098 теңге, ал докторанттар үшін стипендия 262 500 теңге болады.
Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
