Фото: Ақорда
Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы сәл кешігіп өтеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Әдетте Мемлекет басшысы Жолдауын 1-2 қыркүйекте жасайтын, бұл жолы стратегиялық құжат тек 8 қыркүйекте жарияланады.
Бұл туралы Президент кеңесшісі, әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды", – деп хабарлайды Руслан Желдібай.
