04 қаз, 2019 сағат 10:20

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы әзірленеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №176 Жарлығында: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (мұнан ары – Мемлекеттік комиссия) құрылсын» , - делінген.

Жарлыққа қосымша Мемлекеттік комиссия және Мемлекеттік комиссия құрамы туралы ереже берілген.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік комиссия 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуі және 2020 жылдың 29 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс. Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Президент Әкімшілігіне жүктеледі.