2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде теміржол көлігімен 96,9 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жалпы алғанда, 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 4,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 млн тоннаға немесе 26 пайызға жоғары. Сондай-ақ 2020 жылғы бірінші тоқсанда контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 149,30 мың жиырма футтық эквивалентті құрады. Бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 7 пайызға жоғары», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.
Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер тасымалдау көлемі 76,3 мың жиырма футтық эквивалетті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11 пайызға көп.Ал жолаушылар тасымалы көрсеткіші бұл кезеңде 8 пайызға төмендеп, 4,8 млн адамды қамтыды.