08 там, 2025 сағат 15:51

Биыл 1-сыныпқа баратын оқушылар дені 70% қазақша оқуды таңдаған


Фото: opennews.kz

Биыл 1-сыныпқа баратын оқушылар дені 70% қазақша оқуды таңдаған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 312 000 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Айта кетейік, биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.