Бішкекте 18 мамырда жергілікті тұрғындардың шетелдіктермен төбелесі салдарынан мыңға жуық адам көшеге шықты.
Бішкекте 18 мамырда жергілікті тұрғындардың шетелдіктермен төбелесі болған жатақхананың жанында қала орталығында стихиялық митинг өтті. 24.kg агенттігінің бағалауы бойынша, мыңнан астам адам көшеге шыққан.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі Бішкектегі түнгі наразылық кезінде 29 адам зардап шеккенін хабарлады. 15 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандарына сол жерде көмек көрсетілген.