23 сәу, 2024 сағат 18:23

Бишімбаевтың сөздерінен соң Амандық Баталов мәлімдеме жасады

«Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сөздерінен соң мәлімдеме жасады.

Баталов сот процесіне қатысты пікір білдіргісі келмегенін, бірақ өзіне қатысты түрлі айыптаулардан соң әрі қарай шыдай алмағанын айтады.

"Бишімбаевтың сот процесіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келмеген еді. Бірақ менің ар-намысыма нұқсан келтіретін, атымды қаралайтын толассыз сөздерден соң шыдап отыра алмадым.
Сұмдық қылмыс жасаған адамның менің тарапыма айтқан сөздері – тап-таза сандырақ. Мұның бәрі жалған. Өтірікке сенбеуге шақырамын. БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын.
Онсыз да қайғыдан қан жұтып отырған Салтанаттың туыстарының қызының намысын қорғауға мәжбүр болғаны өте өкінішті. Бұл сұмдық жайт. Нүкеновтер отбасына көңіл айтамын", - деді Баталов.