Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов тергеу изоляторында отырған Бишімбаевқа арнайы жағдай жасалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Бишімбаев көпшілікпен бірге тергеу изоляторында отыр.
"Ешкімге ерекше жағдай жасалмайды. Барлығын заң тәртібі бойынша ұстайды. Ол жалпы камерада отырады, жанында басқа адамдар да бар", – деді Сәденов мәжілісте өткен брифингте.
Осы орайда министр алдын ала сот отырысында конвойдың не себепті көп болғанын да түсіндірді.
“Бізде нақты тәртіп бар. Бір сотталушының жанында үш-төрт конвой жүреді. Ол жерде екі сотталушы ғой. Сол себепті конвой да көп болды”,- деп атап көрсетті министр.
Айта кетері, 27 наурызда Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот отырысы басталады. Үкімді алқабилер соты шығарады.