16 шіл, 2024 сағат 12:12

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова жаңа шен алды


Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова қызметте өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қиындығы мен артықшылықтары туралы айтты. 

"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Айжанда кәсіби шеберлік, шынайылық, сұлулық бар", "Айжан, жаңа атағың құтты болсын!", "Қызметте өсуіңізбен құттықтаймын”, "Сен барлық жұлдыздарға лайықсың", – делінген пікірлерде.