Сурет: Ulysmedia.kz
Адвокат, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ашық сот отырысының арқасында Қазақстанның сот жүйесі ауқымды өзгерісті бастан өткеріп жатқанын жазды.
Оның айтуынша, бүкіл ел болып экс-министр Бишімбаевтің ісін қадағалап отыруының басты себебі — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамда ушығып тұруында.
Осыдан кейін адвокат сот ісінің бірнеше артықшылығын тізбектеді:
- Екінші, сот процесі ашық өтіп жатыр. Кез келген адам YouTube желісінен отырысты тамашалай алады. Тіпті, бұл іс ел ауқымынан шығып, Washington Post, Al Jazeera секілді алпауыт медиаларда айтылды.
- Бұған дейін Парламент мінберінен бірнеше рет судьяларға, сот жүйесіне қатысты сын айтқан едім. Қазір ескі Қазақстанның сарқыншақтары жойылып, Президент тапсырмасына сәйкес ашықтық қалыптасып келе жатқанына куә болып отырмыз.
- Бұл іс – бүкіл халықтың назарын аударған алғашқы сот отырысы. Алматыда автобус жүргізушісін ұрған адамға қатысты сот отырысы да тікелей эфирде көпшілікке көрсетілді. Сонымен қатар Қарағандыда жедел-жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған адамға қатысты іс те онлайн көрсетілді.
- Ескі Қазақстанда сот отырыстары жабық өтіп, кім нені қарап жатқаны, істі қалай саралап жатқан белгісіз болатын. Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың сотталып, кейін босап шығуы да осы себепті еді. Кім Назарбаевқа жақын болды не кешірім сұрады, сол жазадан оңай құтылатын. Қазір бұлай жасау мүмкін емес. Сот отырысын тікелей эфирден көрсету арқылы, оған алқабилерді қатыстыру арқылы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп отыр.
Дей келе, адвокат бұл бағытта атқаратын жұмыс жетерлік екенін айтты.
"Сот жүйесіне, алқабилерге қатысты заң жобаларын әлі де жетілдіру керек. Бірақ ең бастысы, сең қозғалды. Енді оны тоқтату мүмкін емес!", - деп түйіндеді адвокат.