Бокстан 49 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы, Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарының ширек финалында ұтылып қалды. Кездесуден кейін тілшілерге қысқаша сұхбат берген боксшы қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады.
«Ойлаған ойымды жүзеге асыра алмадым. Бірнеше қателік жібердім. Сәтсіздігім үшін Қазақстан жанкүйерлерінен кешірім сұраймын», - деді жарыстан кейін Біржан Жақыпов.
Айта кетейік, Біржан Жақыпов осымен үшінші рет Олимпиада ойындарына қатысты. Үшеуінде де ширек финалдан әрі аса алмады. Бұған дейін екі рет қытайлық Зоу Шиминнен ұтылса, бұл жолы өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілді.