ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біртановқа журналистер мынадай сұрақ қойды: Бұл менингок инфекциясынан қайтыс болғандардың фонында жеке вакцина тасымалдаушылардың лоббилеу әдісі емес пе?
"Лоббилеуге мәселесіне байланысты бас прокуратура тергеу бастады. Осы жағдайға қатысты заңбұзушылықтар болса, оның ішінде жалған хабарлама тарату, оның барлығы да заң алдында жауап беруі тиіс. Ел ішінде даурығуға жол берілмеуі тиіс", - деді министр.
Біртанов тек расталған мәліметке сеніп, байбаламаға салынбайға шақырды.
Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.
Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.