Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК баспасөз қызметі.
Ауа райы қолайсыздығы мен қатты аяз салдарынан қозғалыс шектелді:
Астанада – дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін барлық бағытта; Ақмола облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін; Шығыс Қазақстан облысында – Семейден Павлодар облысына дейінгі аралықта (577-733 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін; Қарағанды облысында – Теміртаудан Ақмола облысына дейінгі аралықта (1353-1424 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін; Қостанай облысында – Қостанай-Әулиекөл-Челгаши тас жолынан Ақмола облысына дейін (3-232 км), Қостанай-Сарыкөл тас жолынан СҚО-ға дейін (555-729 км), Қостанай-Ұзынкөл тас жолынан СҚО-ға дейін (180-404 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін; Павлодар облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін; Солтүстік Қазақстан облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін.