Өткен ғасырдың 80-жылдары "қазақ әдебиетінің шарықтап тұрған дәуірі еді" деп айтуға толық дәлеліміз бар. Сонау 1984 жылы наурыз айында қазақтың атақты ақын-жазушылары Сырбай Мәуленов, Ақселеу Сейдімбеков, Жарсқан Әбдірашев көршілес республикадағы жұртшылықпен жүздесу үшін Тамды ауданында және Үшқұдық аудандарында бірнеше күн болып, жергілікті оқырмандарымен есте қаларлық кездесулер өткізген болатын.
Суретте солдан оңға қарай: Сырбай Мәуленов, Тамды аудандық партия комитетінің хатшысы Бақтыбай Жұмағұлов, Еңбек Қызыл Ту орденді Ленин атындағы совхоздың жұмысшылар кәсіподақ комитетінің төрағасы Жайлыбай Ізтелеуов, жазушы Ақселеу Сейдімбеков, ақын Жарасқан Әбдірашев, мектеп директорының орынбасары М.Тышқанбаев. Оқырманды осынау фото тарихымен таныстыруды жөн санадым.
Айтбенбетов Орынбек.
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы