28 мау, 2019 сағат 14:47

Білім министрі: "Студенттердің стипендиясы 30 пайызға көтеріледі"

Еліуміздің астанасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің алдында есеп берді, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

Баспасөз жиынында жаңа министр келер оқу жылынан бастап жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 пайызға көтерілетінін айтты.

«Жақында Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады» деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына берілетін білім беру гранттарының санын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің стипендиясы артады.

Минстрдің айтуынша, осы тапсырмалар аясында жоғары оқу орындарында қосымша 5 мың грант бөлінсе, стипендияның көлемі 30 процентке көбейеді.