03 ақп, 2022 сағат 17:04

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды


Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық көрермен барады. Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, жанкүйерлерге арналған орындардың жартысы оларға тиесілі. Көрермендер қатарына Қытайдың құрлықтық бөлігінде тұратын шетелдіктер, дипломатиялық миссиялар мүшелері мен маркетинг бойынша әріптестер, жергілікті тұрғындар, бастауыш және орта мектеп оқушылары кіреді.

Коронавирустың таралуының алдын алу және халықаралық спорт шарасының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті бұдан бұрын Олимпиаданың шетелдік жанкүйерлерсіз өтетіні туралы шешім қабылдаған болатын.

Ұйымдастыру комитеті билеттерді сатылымнан алып тастап, олардың жергілікті жанкүйлерлер арасында бөлінетінін хабарлаған еді.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.