Қазақстандық спортшылар Бейжіңде алғашқы жаттығуына кірісті. Бүгін таңертең шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері мұз айдынында дайындықтарын пысықтады, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Айта кетейік, Олимпиадада шорт-тректен ел намысын Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғайды.
Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.
Фото: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК Баспасөз қызметі