Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен бақ сынаған Әділ Ғалиахметов ширек финалға жетпей сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен шорт-тректен жарыс басталды.
Қазақстаннан алғашқы болып 1000 метр қашықта сынға түскен Әділ Ғалиахметов аталған қашықтықты 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Енді шамалы уақыттан кейін шорт-тректен аралас эстафетадан жарыстар басталады. Онда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова қатарлы спортшылар мұз айдынға шығады.