16 ақп, 2022 сағат 15:56

Бейжің-2022 паралимпиадасында Қазақстан туын кім алып шығады?


Бейжіңде өтетін паралимпиада ойындарында еліміздің туын ұстап шығатын параспортшының кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейжің-2022 паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. 

Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады. 

«Пара шаңғыдан ұлттық құрама команда қазір Алматы облысында оқу-жаттығуда. Дайындық карантин талаптарына сай өтіп жатыр. COVID-19 індетінен сақтану шаралары барынша қамтылған. Біздің мақсат - паралимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсету. Спортшылардың жағдайы жақсы, жарысқа дайын және жеңіске ұмтылысы жоғары», - деді ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Василий Коломиец.