05 ақп, 2022 сағат 16:33

Бейжің-2022: Олимпиаданың алғашқы алтыны қай елге бұйырды?


Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алған спортшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін әйелдер арасында шаңғы жарысынан (скиатлон (7,5 км/7,5 км) медальдар сарапқа салынды. Нәтижесінде норвегиялық шаңғышы Тереза Йохауг Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалін қанжығасына байлады. Аталған сында Ресей өкілі Наталья Непряева екінші орынды жеңіп алып, алғашқы күміс жүлдегер атаса, алғашқы қола медальға австриялық шаңғышы Тереза Стадлобер қол жеткізді. 

Аталған сында Қазақстан намысын төрт шаңғышы қорғады. Алайда жерлестеріміз үздіктер қатарынан көріне алған жоқ.