Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындары күн өткен сайын қыза түсуде. Жалпы медальдар кестесі сәт санап өзгеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олимпиада ойындары ресми ашылған 4 ақпаннан бері жалпы медальдар кестесінде көш бастап келе жатқан Норвегия бүгін 1-орыннан 6-орынға сырғыды.
Кеше ғана, яғни 6 ақпанның қорытындысында екінші орынға жайғасқан Швеция бүгін 3 алтын медальмен жеке дара көш басына шықты. Осыдан бір күн бұрын екінші орында тұрған ресейліктер бүгін де сол биіктерінен құлаған жоқ. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар.
Үздік үштікті 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Нидерланд құрамасы түйіндеп тұр.
Үздік ондыққа еніп отырған мемлекеттер:
1. Швеция - 3 алтын
2. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 2 қола
3. Нидерланд - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
4. Қытай - 2 алтын, 2 күміс
5. Германия - 2 алтын, 1 күміс
6. Норвегия - 2 алтын, 2 қола
7. Словения - 2 алтын, 1 қола
8. Италия - 1 алтын, 3 күміс, 1 қола
9. Канада - 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
10. Жапония - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола.
Айта кетейік, дәл бүгінге дейін жалпы 19 мемлекеттің спортшылары Бейжің Олимпиадасының медалін жеңіп алып, мерейі үстеп болды.
Өкінішке қарай қазақстандық спортшылардан әлі ешкім жүлделі орындарға қол жеткізе алған жоқ.