07 ақп, 2022 сағат 17:20

Бейжің-2022: Қазақстандық Надежда Морозова жүлдеден тыс қалды


Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькимен 1 500 метр дистанцияға жүгіруден жарыстар өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған қашықтықты қазақстандық конькиші Надежда Морозова 1:56:85 уақытта жүгіріп өтті. Алайда, бұл көрсеткіш оны жүлдегерлер қатарынан көруге аздық етті.

1 500 метр қашықтықта ел намысын Морозовадан бөлек, Екатерина Айдова да қорғаған болатын. Өкінішке қарай ол да жүлделі орыннан тыс қалды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Морозова әйелдер арасында 3000 М қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өткен еді. Нәтижесінде отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы арасынан 13-ші орыннан көрінді.