Бейжің Олимпиадасындағы жарыстар күн өткен сайын қыза түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн санап медальға талас артып келеді. Қазір 17 мемлекеттің спортшылары өз елдеріне Олимпиада медальдарын сыйлап үлгерді.
Әзірге медальдар жағынан Норвегия көш басынан түсер емес. Оларда 2 алтын, 1 қола (3) бар. Екінші орында 2 алтын медалі бар Швеция келе жатыр. Ал үздік үштікке бүгін кеше 7-орында тұрған Ресей құрамасы көтерілді. Олардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола (4) медаль бар. Бүгін Ресей құрамасына алғашқы алтынды шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) сайысында Александр Большунов сыйлады.
1. Норвегия - 2 алтын, 1 қола (3)
2. Швеция - 2 алтын (2)
3. Ресей - 1 алтын, 2 күміс, 1 қола (4)
4. Нидерланды - 1 алтын, 1 күміс, (2)
5. Словения - 1 алтын, 1 қола (2)
6. Қытай - 1 алтын
7. Жаңа Зелендия - 1 (1)
8. Италия - 2 күміс (2)
9. Канада - 1 күміс, 1 қола (2)
10. Франция - 1 күміс (1)
11. Германия - 1 күміс (1)
12. АҚШ - 1 күміс (1)
13. Австралия - 1 қола (1)
14. Австрия - 1 қола (1)
15. Филандия - 1 қола (1)
16. Венгрия - 1 қола (1)
17. Жапония - 1 қола (1)